Ақмола облысында бромы бар ампула жарылып, мектеп оқушылары эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында бромы бар ампула жарылып, мектеп оқушылары эвакуацияланды

Ақмола облысында бромы бар ампула жарылып, мектеп оқушылары эвакуацияланды

Ақмола облысында бромы бар ампула жарылғандықтан село мектебінің оқушылары мен мұғалімдерін эвакуациялауға тура келді.

  • 18 Қараша 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz


Оқиға өткен дүйсенбіде Бурабай ауданының Баянбай селосында болды, деп хабарлады сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Ақпаратқа қарағанда,25 мл бромы бар ампула мектеп сейфінде жарылған.
Ол жерге құтқарушылар шақыртылды, мектептен 160 адам эвакуацияланды. Оның 120 бала, 40-ы ұстаз.
Сейф мектептен шығарылды, ғимарат іші желдетіліп алынды.
Сейсенбіде бұл мектепте сабақ жалғастырылды.