Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 37 жастағы ер адам ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 37 жастағы ер адам ажал құшты

Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 37 жастағы ер адам ажал құшты

Ақмола облысының Аршалы ауданында газ баллоны жарылып, 37 жастағы ер адам ажал құшты. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz


«Қайғылы жағдай 15 қыркүйек күні түнгі 01:30 шамасында Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында орын алған. Жеке меншік үйлердің бірінде болған өрттен ас бөлмедегі газ баллоны жарылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1978 жылғы ер адамның мүрдесі табылды», деп көрсетілген хабарламада.