Ішкі істер бөлімінің уақытша қамау абақтысында жұмыс істейтін Николай Курков кешкі 5-тер шамасында даладағы дәретханаға қару асынған күйі шығып кеткен. Әріптестері жұмысына қайтып оралмаған оның өлі денесін тауыпты. Сержант басына оқ атқан. Өзі полицияға қызметке былтыр сәуір айында ғана кірген екен. Суицид себебін қазір әріптестері анықтап жатыр.
Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
-Ішкі істер Департаментінде қызметтік тексеріс басталды. Сержанттың өлімі жұмысымен байланысты болмауы мүмкін. Анасының айтуынша жеңіл көлік алып, қарызы көбейіп кеткен. Осы нұсқа да тексеріліп жатыр.