Ақмола облысында орманда келіншек аяздан үсіп қаза болған
![]() |
Ақмола облысында Бурабай ауданында 30 жастағы келіншектің мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметінен. |
Ақпаратқа қарағанда, Щучинскі қаласының тұрғынын Бармашы орман шаруашылығының 220-ші кварталынан орманшы тауып алған.
Денесінен ешқандай зорлық белгілері байқалмаған. Ол үсіп өлген болу керек, деді полициядан. Тергеушілер келіншектің орманда не істеп жүргенін және онда не үшін барғандығын анықтауда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін