Ақмола облысында отбасын құтқарып қалмақ болған ер адам суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында отбасын құтқарып қалмақ болған ер адам суға батып кетті

Ақмола облысында отбасын құтқарып қалмақ болған ер адам суға батып кетті

Қайғылы оқиға Шортанды ауданында арнайы жабдықталмаған жағажайда болған.

  • 5 Тамыз 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq-ruhy.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бозайғыр көліне демалуға барған отбасы қайғылы жағдайға тап болды.

«4 тамыз күні кешкі уақытта аудандық төтенше жағдай басқармасына балалы әйейдің Бозайғыр көлінің ортасында үрлемелі матрацта қалғаны туралы телефон хабарламасы түсті. Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, әйел мен 8 жастағы баланы (әйелдің бауырының баласы — авт.) құтқарып қалды. Өкінішке қарай оларды құтқарып қалмақ болған әйелдің жұбайы суға батып кетті. Қайғылы оқиға суға шомылуға арналмаған жерде болған, — деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.

Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары қауіпті біле тұра, әлі де арнайы жабдықталмаған көл жағажайларына жиі баратынын айтты.


«Жақсы жүзе білу суда демалыстың қауіпсіз болуының аса маңызды кепілдіктерінің бірі. Алайда, кез-келген жақсы жүзетін адамның өзі аса сақтық танытып, суда жүзу қауіпсіздігі ережелерін міндетті түрде сақтауы қажет. Қазір пандемия кезеңінде санитар дәрігерлер де суға шомылуға тыйым салуда. Қауіпке бас тігіп, арнайы жабдықталмаған жағажайларға мүлде суға түспеген жөн», — деп толықтырды Қанат Доспев.

Соңғы жаңалықтар