Ақмола облысында резеңке қайықпен аударылған екі аңшы суға батып кетті
![]() |
Ақмола облысында резеңке қайықпен аударылған екі аңшы суға батып кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. |
Келеңсіз жағдай 18 қазан күні таңғы уақыт 10:30 минут шамасында Бурабай ауданының Балықты көлінде орын алған. Құс атуға шыққан 1953 және 1983 жылғы әкелі-балалы Алексей Кондрашов пен Александр Кондрашов мінген резеңке қайық аударылып, екеуі де суға батып кеткен.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД «Жедел құтқару отряды» ММ-нің жеке құрамынан 4 адам және 1 арнайы суда жүзу техникасы, Бурабай аудандық ТЖБ 1 адам және 1 арнайы суда жүзу техникасы, Бурабай аудандық ІІБ 4 адам және 1 техника жұмылдырылып, араға 6 сағат салып, аңшылардың денесі судан шығарылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін