Ақмола облысында тұрғын үйде болған өрттен 3 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында тұрғын үйде болған өрттен 3 адам көз жұмды

Ақмола облысында тұрғын үйде болған өрттен 3 адам көз жұмды

Ақмола облысында тұрғын үйде болған өрттен 3 адам көз жұмды.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 373
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 16 желтоқсан күні таңғы уақыт 08:53 минут шамасында Бурабай ауданының Қотыркөл ауылында жекеменшік тұрғын үй өртке оранды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 21 адам және 4 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 1962 жылғы ер адамның мәйіті табылды.

Сонымен қатар, осы күні түстен кейін 16:12 минут шамасында Жарқайың ауданының Зерноград ауылында тұратын 1940 жылғы Марина Ленкинаның пәтерінде де өрт болды.  Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үй иесі мен 1936 жылғы әйелдің денесі табылды», — делінген хабарламада.