Ақмола облысында жерін жеке қожалыққа жалға берген жұрт үлестен қағылдық деп шу көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жерін жеке қожалыққа жалға берген жұрт үлестен қағылдық деп шу көтерді

Ақмола облысында жерін жеке қожалыққа жалға берген жұрт үлестен қағылдық деп шу көтерді

Ақмола облысында тағы пай проблемасы! Жеке қожалыққа  жалға жер берген Макинка ауылының тұрғындары - тиесілі үлестен қағылдық деп шу көтерді. Айтуларынша, шаруашылық басшылары келісілген ақыны бермеу қойған. Орнына 200 келі бидай ұстата салыпты, онысы тауықтың талғажу етуіне жетеді деп отыр жұрт. Ал шағым айтып талай табалдырықты тоздырғанымен, әзірге тыңдайтын құлақ табылмай тұр. 

  • 22 Қазан 2013
  • 245
Фото - Caravan.kz

Тұрғындарға үлестіріп жатқан пайлары мына 200 келі бидай. Бұл тауығымызды тойдыруға да жетпейді дейді ауылдықтар. Биыл астық бітім шыққанға жұрт жақсы өнім аламыз деп дәмеленіпті. Енді бидай қалдығына қанағат етпеске амалдары қалмады. 

Сайран Бәйкенов, Макинка ауылының тұрғыны:

— Таза емес міне, овсюк. Тауыққа жем болады. Осы пай. Екі центрнерден береді. Бір жылы даже 40 кг-нан берді.

2005-ші жылы жер телімдері тіркеуден өткенде 400-ге жуық тұрғын өз жерін «Ерас» серіктестігіне жалға берген. Келісім бойынша, жыл сайын жалпы өнімнің 5 пайызын үлескерлерге өткізілуі тиіс еді. Бірақ, содан бері жұрт жарытып үлес алған емес. Енді тіпті жерінен айырылғалы тұр. Қожалық басшысы оны банкке салып жіберіпті деп ашынады тұрғындар.

Вера Горшенко, Макинка ауылының тұрғыны:


— Пай сұрасақ, жеріңді ал да кет дейді, жерді ала алмайтынымызды біледі. Банкке кепілдікке қойған. Бәрін сатып аламыз. Шөп 30 мың, сабан 20 мың теңге. Бұл мәселені кімге айтпадық, шешпейді бәрібір.

Мәселені әкімдер шешер деген үмітпен олар аудан басшыларын кездесуге шақырған. Пай үшін жаға жыртысып шаршаған тұрғындар енді тым болмаса, жем-шөппен қамтамасыз етулерін өтінген екен. Алайда әкім-қаралар бұл шаруаға біз араласа алмаймыз деп жауаптан жалтарып кетіпті.  Ал шаруашылық басшысы болса, онсызда мен бұл ауылға көп жақсылық жасадым терісіне сыймай отыр.    

Ашынған жұрт енді кімнен көмек сұрарын білмейді. Ауданнан күдер үзген олар енді бір көмек болса облыс басшыларынан деген үмітпен отыр.