Жарияланды: 360

Ақмола облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты, тағы екі адам жарақаттанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат 7-қыркүйекте Астана-Петропавловск тас жолының 135-ші шақырымында , Богдановка ауылына таяу жерде болды. "Ауди" және "Ниссан-Максима" автокөліктері соқтығысып қалған. Апат салдарынан "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, сондай-ақ, "Ниссанда " отырған екі жолаушы мерт болды. Оның жүргізушісі мен тағы да ол көлікте отырған 8 жасар ұл ауруханаға жатқызылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть