Ақмола облысында жұмыс кезінде 22 жасар жігіттің үстіне бетон плита құлап, мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жұмыс кезінде 22 жасар жігіттің үстіне бетон плита құлап, мерт болды

Ақмола облысында жұмыс кезінде 22 жасар жігіттің үстіне бетон плита құлап, мерт болды

Целиноград ауданының Қосшы елді мекенінде  төтенше жағдай орын алып, бір жұмысшы мерт болды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Шiлде 2014
  • 561
Фото - Caravan.kz

Қайғылы жағдай «Газоблок-Астана» ЖШС-нің қоймасында орын алды. Темір бетон плитасын тасымалдау кезінде электрлі жүк көтергіші темір бағанға соқтығысқан. Сөйтіп, көлемі 3х6 метрлік бетон плита 1992 жылғы жұмысшы Ерболат Асановтың үстіне құлаған.

«Газоблок-Астана» ЖШС-нің өзге жұмысшылары оның денесін лезде алып шыққанымен алған ауыр жарақаттан ол сол жерде көз жұмды.