Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында үсік жүреді - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында үсік жүреді - Қазгидромет

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында үсік жүреді - Қазгидромет

 

  • 17 Қыркүйек 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз күн құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РКМ-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде еліміздің оңтүстік — шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста — екпінді жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта – тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.


Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.