Ақордада билік өкілеттіктерін қайта бөлу мәселелері қарастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақордада билік өкілеттіктерін қайта бөлу мәселелері қарастырылды

Ақордада билік өкілеттіктерін қайта бөлу мәселелері қарастырылды

Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жан-жақты пысықталды. 

  • 24 Қаңтар 2017
  • 578
Фото - Caravan.kz


Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  осы мәселеге байланысты Ақордада келелі кеңес өткізіп нақты бағыт-бағдарды айқындады. Елбасы Үкімет жұмысының ашықтығын қамтамасыз ете отырып, олардың жүйелі жүзеге асуына басымдық берді. Президент бұл ретте Үкіметті Парламентке беру бастамасы да өте орынды екендігін жеткізді. Алайда Президенттік жүйе өз күшінде қала береді.

— Мен жолдауларымда сөйлеген сөздерімде кейбір мәселелерді шешу үшін осындай топ құрып, Конституция мен заңдарды қарап шығу мәселесін қойған болатынмын. 25 жылдың ішінде Конституцияда бар қағидаларды орындап, осындай жетістіктерге жеттік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш. Тыныштықты сақтадық ішімізде. Бірталай экономикалық жетістіктерге жеттік. Енді әрі қарай жылу 5 мемлекеттің мен айтқан қадамы бар. Оның ішінде бесінші айтқан жүйеде «Ашық Үкімет» демократияландыру деген мәселесі бар. Сондықтан қазіргі жағдайда қарап, Президенттің өзіне алған бірнеше өкілеттігін Үкіметке қарай жылжыту мәселесін қарауымыз керек. Өте көп мәселелер. Бастапқы кезде қиын кезде керек болған шығар. Тікелей жүйе керек болды. Тәртіп керек болды. Айтқанда шешімдерді орындау керек болды. Ол кезде сондай өте нақты тығыз президенттік жүйе болды. Қазіргі уақытта ептеп қарап, сол өкілеттіктерді Үкіметке, Парламентке Президентке бөлу мәселесін қарау керек. Бұл уақытысы жеткен мәселе деп санаймын.Оның үстіне Президенттік жүйе қала береді. Біз оны жояйық деп отырғанымыз жоқ. Ол Қазақстан үшін өте қажет, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар