АҚШ Ауғанстандағы шабуылдан 6 әскеридің қаза тапқанын растады
![]() |
Ресми Вашингтон ауған жерінде болған лаңкестік жарылыстан 6 сарбаздан айырылды. Бұл деректі Ақ үй ресми түрде растады, деп хабарлайды Reuters. Вашингтон осыған байланысты жасаған мәлімдемесінде «қайғылы оқиғаға қарамастан, АҚШ ауған халқы мен ел үкіметіне қолдау көрсете беретінін» айтты. Таяуда |
ауғанның Баграм провинциясындағы америкалық әуе базасына жанкешті-террорист шабуыл жасады. Мотоциклмен келіп, өзін өзі жарған лаңкестің әрекетінен АҚШ-тың күзетте тұрған 6 сарбазы сол жерде көз жұмды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін