АҚШ ғалымдары адамның қартайғанында алжып кететінін 20 жасында-ақ білуге болатынын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ ғалымдары адамның қартайғанында алжып кететінін 20 жасында-ақ білуге болатынын анықтады

АҚШ ғалымдары адамның қартайғанында алжып кететінін 20 жасында-ақ білуге болатынын анықтады

Альцмейгер (алжу) ауруының белгілерін адамның 20 жасында-ақ анықтауға болады.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 769
Фото - Caravan.kz

АҚШ ғалымдары жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осындай тұжырымға келіп отыр. Демек, бұл — аурудың біз ойлаған уақыттан айтарлықтай ерте пайда болатынын білдіреді деген сөз, деп жазады Meddaily.

Альцмейгер ауруына және деменцияның өзге де формаларына, болжам бойынша, 2050 жылға қарай 44 миллион адам шалдығады. Өйткені, Жер шары тұрғындарының ағзасы түрлі факторларға байланысты тез қартайып барады және көптеген ауруларға ем табылмай отырғаны жасырын емес.

Чикагодағы Солтүстік-батыс университетінің қызметкерлері Альцмейгер ауруына шалдыққан және онымен ауырмай ақыл-есі сау күйінде қайтыс болған егде жастағы адамдардың миын зерттеді. Сондай-ақ, 20-66 жас аралығындағы 13 адамға да сынақ жүргізді.

Тест көрсеткендей, уландырғыш ақуыз — бета-амилоид Альцмейгер ауруы кезінде 20 жастан бастап-ақ мида жинала бастайтыны анықталды. Бұрын бұл шоғырлану ауру белгісінің білінуіне дейін 15-20 жыл бұрын ғана қалыптаса бастайды деп есептеліп келген. Яғни, адам 80 жасында алжып кетсе, ауру 65-70 жастарында алғашқы белгілерін береді дейтін. Алайда, олай болмай шықты. Осы арада, бета-амилоид айтарлықтай жас адамдардың миларындағы есте сақтау және көңіл бөлуге жауап беретін нейрондарда да болатыны анықталып, ғалымдарды таңқалдырды. Демек, бұл ауру да «жасарып» келеді деген сөз.