Жарияланды: 330

АҚШ «Оскар» жүлдесінен үміткер 9 фильм енгізілген тізімді жариялады

АҚШ «Оскар» жүлдесінен үміткер 9 фильм енгізілген тізімді жариялады

Американың кино академиясы «Оскар» жүлдесінен үміткер фильмдер тізімін жариялады, деп хабарлайды Би-би-си.

Сыйлыққа үміткерлер арасында Бельгия («Жаңа өсиет» Жако Ван Дормель), Колумбия («Жыланның құшағы» Сиро Герра), Дания («Соғыс» Тобиас Линдхольм), Германия («Жалғандық лабиринті» Джулио Риччиарелли), Иордания («Мақтаныш» Наджи Набу Авар), Франция («Мустанг» Дениз Гамзе Эргювен), Венгрия («Саулдың ұлы» Ласло Немеш), Ирландия («Вива» Пэдди Бретнэк) және Финляндия («Семсерлеуші» Клаус Хярё) режиссерлерінің фильмдері бар. Ресейлік режиссер Никита Михалковтың «Күн тию» атты фильмі тізімге енбей қалған.
Осыдан біраз бұрын РФ Оскар комитеті Иван Буниннің шығармасы негізінде түсірілген «Күн тию» (Солнечный удар) фильмін жылдың басты жүлдесіне ұсынған болатын. Режиссердің өзі саяси себептерге байланысты фильмнің шорт-парақшаға енгізілетініне күмән келтірген-ді.
«Оскар» жүлдесінің иегерлері келер жылы қаңтар айында анықталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін