Жарияланды: 460

АҚШ пен Қазақстанның стратегиялық диалогы АВС форматында жалғасады

АҚШ пен Қазақстанның стратегиялық диалогы АВС форматында жалғасады

АҚШ пен Қазақстанның стратегиялық диалогы 2016 жылдың басынан бастап, АВС форматында жалғасатын болады. АВС форматы (Annual Bilateral Consultations - жоғары деңгейдегі екі тараптың кеңесі) 2009 жылы АҚШ және Орталық Азия елдерінің келісімімен құрылған.

Бұл жайында Құрама Штаттардың Астанадағы елшілігінің қазақстандық журналистерге телефон арқылы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша орынбасары Дэниел Розенблюм мәлімдеді.

«2016 жылы біз экстремизмге қарсы күрес жөніндегі диалогымызды Орталық Азия елдерімен одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Ақ үй өкілі.

«Біз үшін экстремистердің Орталық Азия елдері азаматтарын өз қатарларына қалай тартатынын түсіну аса маңызды.  Сондай-ақ содырлардың ықпалына қарсы тұру үшін қалай әрекет ету керек. Менің ойымша, бұл жұмыстар келесі жылы өз жалғасын табады», деп айта кетті Д. Розенблюм.

Америкалық дипломаттың сөзінше, бұл жұмыстардың барлығы содырлардың аталған аймақтағы әрекеті мен өз қатарларына адам тартуының алдын алуы үшін қажет. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін