АҚШ турнирі: Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жұптық разрядтың ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ турнирі: Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жұптық разрядтың ширек финалына шықты

АҚШ турнирі: Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жұптық разрядтың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Американың Чарльстонында өтіп жатқан Family Circle Cup-2013 WTA турнирінің жұптық разрядының ширек финалына шықты.

  • 4 Сәуiр 2013
  • 455
Фото - Caravan.kz

Бірінші айналым матчында қазақстандық теннисші неміс спортшысы Юлия Гергеспен бірге Германия өкілі Анна-Лен Гренефельд пен Словакия теннисшісі Жанетта Гусарованы жеңді, матч есебі — 3:6, 7:6 (8:6), 12:10.

Қазақстан-неміс жұбының келесі қарсыластары америкалық Меган Моултон-Леви және қытайлық Шуай Чжан болады.

Еске салайық, жеке разрядтың бірінші айналым матчында Шведова америкалық теннисші Ван Кингке 6:4, 1:6, 4:6 есебімен жеңілген болатын.