Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sn.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ал бұған дейін аталған ведомство PR-ға деп 2,5 миллион доллар жұмсағаны хабарланды. Саясаттанушылар бұны «ақылға қонымсыз дүние» деп есептейді. Солардың бірі – Самат Нұртаза арна тілшісімен үйінен скайп арқылы байланысқа шыққан.
«Ауыр айтсам, айып етпеңіздер, мен бұны абсурд деп есептеймін. Себебі, маскаға, дезинфекцияға ақша жетпей жатқанда, 65 миллион теңгені PR-ға бөлу деген – ысырап. Бәрі бітіп, сол PR-ға ғана ақша қалса, онда оны дәрігер мамандардың емделуіне, қорғаныс киімдеріне бөлсін.
Қазір дүниежүзі PR жасауда. Америкадан бастап, Қытайға дейін барлығы да коронавирустан қорғанып жатыр. Олардың қасында біз үшін PR-дың мағынасы жоқ деп есептеймін.
Мысалы, Қытай мемлекеті коронавируспен әскер күші арқылы күресіп жатыр. Үйлердің әр кіреберісіне 1-2 әскерден күзетке қойған. Сондықтан әлгі 65 миллион теңгені сондай әскерлерге адамдардың қауіпсіздігін, тәртібін сақтау үшін жалақы етіп төлеуге болар еді.