Ақсукент елді-мекенінде ірі сауда орталығы өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсукент елді-мекенінде ірі сауда орталығы өртке оранды

Ақсукент елді-мекенінде ірі сауда орталығы өртке оранды

Шымкенттен 30 шақырым жердегі Ақсукент елді-мекенінде де ірі сауда орталығы өртке оранды. Жалынның ауқымды болғаны соншалық, 10 сауда қатарын жалын шарпып, оны ауыздықтау үшін өрт сөндірушілер бірнеше сағатқа кідірген.

  • 23 Қазан 2013
  • 265
Фото - Caravan.kz


Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрапты. Қызыл жалынның өтінде қалған 6 киім-кешек сататын бөлім мен ет сататын 4 қатар түгел жанып кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 60 жуық адаммен 13 техника жұмылдырылған. Оттың шығу себебі мен келген шығын көлемі әзірге белгісіз. Айта кетсек, бұл соңғы уақытта Ақсукентте болған екінші апатты оқиға. Қыркүйек айында 3 қабатты сауда орталығы түгелдей отқа оранып, жергілікті арна тұтас жанып кеткен болатын.