Ақтауда бойжеткенді көлікпен қағып кеткен жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
![]() |
8 қазанда Ақтау қаласының 14-ші шағынауданындағы «Мечта» дүкенінің қасында орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан |
Daewoo Nexia көлігі жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды lada.kz.
«Іс жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен азаматшаның алған жарақаттарының ауырлық дәрежесіне байланысты өзгеруі мүмкін», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаев. Тергеу бөлімінен бойжеткен жарақаттарының ауырлық дәрежесін орнатуға мүмкіндік беретін сот-медициналық сараптама тағайындалатынын хабарлады.
Травматология бөлімінің дәрігерлері зардап шеккен азаматшаның денсаулық жағдайы туралы ақпарат беруден бас тартып, оны науқас туралы мәліметтер беруге құқысы жоқ екенімен түсіндірді.
Еске сала кетейік, көлік бойжеткенді ол жолдан жүгіріп өтіп бара жатқанда қағып кеткен. Соққы салдарынан бойжеткен аударылып, асфальтқа құлады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін