Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

 

  • 8 Маусым 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы әкімдіктің өзі хабарлады.

"Бүгін, 2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды", — делінген хабарламада.

Бұл шешім "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады.