Жарияланды: 460

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Ақтаудағы 4-ші шағынауданындағы 7-ші үйдің 10-шы қабатында түнгі сағат 02:30 шамасында газ баллоны жарылып, өрт басталды.

Үй тұрғындарының айтуынша, олар қатты шыққан дыбыстан оянған. Куәгерлердің барлығы газ баллоны жарылғанын айтып отыр.

Маңғыстау облыстық өрт сөндіру қызметінің мәліметтерінше, өрт салдарынан болған түтін бірнеше қабатқа тарап кетті.

Жоғары қабаттарда тұратын тұрғындар шұғыл далаға көшірілді.

Оқиғаны тергеу амалдары басталып кетті, деп хабарлайды lada.kz. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін