Жарияланды: 590

Ақтауда Lada Priora көлігі бағанға соғылды

Ақтауда Lada Priora көлігі бағанға соғылды

Маңғыстау облыстық әскери комиссариаты ғимараты мен «Асар-С» көтерме сауда базары арасында жол-көлік оқиғасы орын алды. 

Бүгін, 9 желтоқсанда сағат 03:00-де Lada Priora 2170 көлігі бағанға соғылды.

ЖПҚ қызметкерлерінің айтуынша, Lada Priora жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Көлік салонында алты адам (оның ішінде бала бар)  болған.

Маңғыстау облыстық ауруханасына сағат 05:00-де нейрохирургия бөліміне апат орнынан ауыр жарақаттармен ер адам жеткізілген.

"Іске қосылған қауіпсіздік жастығы ауыр салдардың алдын алған", - деп мәлімдеді ЖПҚ қызметкері.

10:30-да көлік эвакуацияланды, деп хабарлайды lada.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін