Ақтауда лауазымды салықшылардың қолына кісен салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда лауазымды салықшылардың қолына кісен салынды

Ақтауда лауазымды салықшылардың қолына кісен салынды

Ақтауда мемлекетке салық төлеушіден түсіп тұрған табысты қайта шашқан облыстық мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары мен бөлімнің бас маманы ұсталды.

  • 12 Қаңтар 2016
  • 184
Фото - Caravan.kz

Орынгүл Сәтқалиева мен Нұрбек Сүйіповке «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр. Қос шенеунік жекеменшік компания төлеген қосымша құн салығын сол фирмаға заңсыз қайтаруға жәрдемдескен. Жалған құжат дайындап, қазынаға түскен 145 миллион теңгені салық төлеушінің қалтасына қайта салып беріпті. Департамент қызметкерлері қазір уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр.