Ақтауда мектепте мұғалім аяқасты қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда мектепте мұғалім аяқасты қайтыс болды

Ақтауда мектепте мұғалім аяқасты қайтыс болды

Ақтаудағы №8 мектепте мұғалім қайтыс болды. Жедел жәрдем қызметіне шақырту кеше таңертең 11:40 шамасында келіп түскен екен. Алайда, дәрігерлер қан қысымы көтерілген әйелге көмектесе алмады.

  • 8 Наурыз 2018
  • 323
Фото - Caravan.kz

"Жедел жәрдем" келгенде әйел ес-түзсіз жатқан. Дәрігерлер жарты сағат бойы реанимациялық іс-шаралар жүргізген. Алайда 47 минуттан кейін мұғалім көз жұмған.

Маңғыстау облыстық жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Рахымжан Елтаевтың айтуынша, өлімнің себебі әзірге белгісіз.

"Себебі сойып тексеруден кейін анықталады. Реанимациялық іс-шаралар нәтиже бермеген, сағат 12:07-де көз жұмды. Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, әйелдің бірнеше күн бойы қан қысымы көтерілген. Диспансерлік есепке тұрмаған, дәрігерге қаралмаған", — деп түсіндірді Рахымжан Елтаев.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Оралда № 32 орта мектептегі 11-сыныптың жетекшісі оқушылардың көз алдында қаза болған еді.


 

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық мұғалімдерге пайызсыз несие берілуі мүмкін

Мұғалім бейнесі қауқарсыз, құқығы тапталған адамға айналды — сенатор

Мұғалімдерді Қазақстандағы билік өкілдерімен теңестіру ұсынылды

 

Соңғы жаңалықтар