Ақтауда полицейлер ойын автоматтарына күрес жариялады
Ақтауда полицейлер ойын автоматтарының қожайындарына қарсы күрес жүргізуде. Тек екі күннің ішінде олар лоторея түрінде жұмыс істеп тұрған 34 құрылғыны тәркіледі. |
Олардың барлығы лото сияқты жұмыс істегенімен, ақша қабылдап, қолма –қол сыйақы беріп отырған. Тексерушілер автоматтың ішінен құмар ойыншылар қалдырған жүз мыңға жуық ақша шығарып, қаржыны да тәркіледі. Қазір құқық қорғау орындарының қызметкерлері заңсыз ойын автоматтарының және оларды орналастырған жердің қожайындарын анықтап жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін