Ақтау әуежайының сайтындағы онлайн-таблода Махачкалаға аттанатын рейс және Мәскеу, Стамбул, Атырау және Махачкаладан келетін рейстер кешігіп жатқаны жазылған.
Жексенбі күні кешкісін кешіккен рейстер бұдан да көп болған.
Әуе компания баспасөз қызметі "Лада" басылымына берген мәліметінше, халықаралық рейстердегі транзиттік жолаушыларды күтуге байланысты бұл рейстер де кешіктірілген.
Компанияның айтуынша, қолайсыз жайтқа тап болған жолаушыларға ыстық тамақ, қонақ үйден орын берілген, компания өкілдері жолаушылардың қасында.