Ақтауда тізгінге ие болмаған жүргізуші қыз үлкен бағанаға соғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда тізгінге ие болмаған жүргізуші қыз үлкен бағанаға соғылды

Ақтауда тізгінге ие болмаған жүргізуші қыз үлкен бағанаға соғылды

Ақтауда жүргізуші қыз қымбат көлігімен электрондық сағаттың бағанасын соғып құлатты. Оқиға түн ортасында орталық көшеде болған. 

  • 17 Қазан 2015
  • 334
Фото - Caravan.kz

Бағананың бір жағында уақыт пен ауаның температурасы көрсетілсе, бір жағындағы экран жарнама көрсетуге арналған. Қатты жылдамдықпен келген жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, бағананы соға тоқтапты. Жүруге жарамсыз болып қалған «Лексусты» эвакуатор алып кетсе, жарнама қалқаны да қайта қалпына келтірілмейтін жағдайда. Ал апат себепкері болған ару мен көлікте болған екі құрбысы дін аман.