Жарияланды: 540

Ақтауда жастар егемендiктi ұран еткен Желтоқсан қаһармандарымен кездестi

Ақтауда жастар егемендiктi ұран еткен Желтоқсан қаһармандарымен кездестi

Мереке қарсаңында Ақтауда қалалық әкімдіктің қолдауымен, «Ақтау қалалық жастар орталығы» мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен

«Желтоқсан мен Тәуелсіздік - егіз ұғым» атты мерекелік іс шара өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Шара барысында желтоқсан оқиғасына байланысты бейнебаяндар көрсетілді және Ақтау қаласының тұрғыны, желтоқсан қаһарманы, Бауыржан Момышұлы батыр шапағатының иегері Айша Айтжанова, «Желтоқсан ақиқаты» бірлестігінің төрағасы Тоқтар Ажигулов, «Желтоқсан ақиқаты» бірлестігі төрағасының орынбасары Маржан Есентұрлиева сөз сөйлеп, 1986 жылдың желтоқсан айы кезіндегі қазақ жастарының ерліктері жайлы әңгімелеп берді. 
Желтоқсаншылар сол ызғарлы күні алаңға шығып, елінің тағдыры үшін жанын шүберекке түйген замандастары мен Желтоқсан құрбандарын бір сәт үнсіздікпен еске алды. 
Шара соңында Ерманов Қанат, Арленов Асанали, Қосбергенов Жақып есімді азаматтар «Желтоқсан ардагері» атты төс белгісімен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін