Ақтауда жолдан жүгіріп өтпек болған бойжеткенді көлік қағып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жолдан жүгіріп өтпек болған бойжеткенді көлік қағып өтті

Ақтауда жолдан жүгіріп өтпек болған бойжеткенді көлік қағып өтті

Ақтауда Daewoo жүргізушісі жолдан жүгіріп өтпек болған бойжеткенді қағып кетті.   

  • 20 Қазан 2015
  • 423
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысы ІІД-де Daewoo Nexia көлігін 1969 жылы туылған Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны басқарғанын хабарлады.

Зардап шеккен бойжеткен 2001 жылы туылған. Ол қазірде миы шайқалған деген  диагнозбен облыстық аурухананың травматология бөлімінде жатыр. Жол-көлік оқиғасына кінәліні тергеу бөлімі анықтайды, деп жазады lada.kz. Жігіт пен бойжеткен өтуге тыйым салынған жолдан жүгіріп өтпек болған.


«Көлікті байқаған жігіт жылдам қарғып өтіп, ал бойжеткен үлгере алмай қалған. Көрініс шынымен де жантүршіктіреді», — деді апат куәгері Самат.