Ақтаудың екі тұрғыны мемлекетке жүздеген миллион залал келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудың екі тұрғыны мемлекетке жүздеген миллион залал келтірді

Ақтаудың екі тұрғыны мемлекетке жүздеген миллион залал келтірді

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандандырылған бөлімшелерінің қызметкерлері жалған кәсіпкерлігі үшін Ақтау қаласының екі тұрғынын ұстады.

  • 2 Қазан 2015
  • 345
Фото - Caravan.kz

Анықталғанындай, олардың біреу серіктестік басшысы, екіншісі — бұрынғы мемлекеттік қызметші болып шықты.

«Ұсталғандардың бірі ЖШС иесі, ал екіншісі — бұған дейін облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызметте болғаны анықталды. Олар контрагенттерден салық салудан жалтару үшін ақша қаражаттарын қолма-қол ақшаға  айналдырумен айналысқан. Алдын ала анықталған бюджетке салықтарды төлемеу түрінде мемлекетке келтірілген залал бірнеше жүздеген миллион теңгені құрайды. Олардың әрекеттерінде ҚР ҚК 215-бабында көзделген (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық белгілер бар», — деп әңгімеледі Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы Мақсат Ақмұратов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ұсталғандар уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жалғастырылуда.