Жарияланды: 230

Ақтауға геройнді құбыр арқылы алып өтпек болғандар ұсталды

Ақтауға аса ірі көлемде есірткі алып кірмек болғандардың жолы кесілді. 120 келіге жуық таза героинді наркодилерлер арнайы жасалған құбыр тектес контейнерлерге жасырған.

Тіс қаққан есірткі тасушылар құбырларды цементтен жұқа етіп құйып, пакеттерге кесектеп салған героинді ішіне жасырыпты. Ары-бері қозғалып, шашылып кетпес үшін тіпті көбікпен қатырып тастаған. Күдіктілер есірткіні күнделікті тұтыну тауарларымен бірге жүк көлігіне тиеп, Түркиядан алып келе жатыр екен. Паром Ақтау портына келгенде, экономикалық тергеу қызметі олардың жолын кесті. Героиннің жалпы салмағы 120 келіге жуық. Оның қара нарықтағы бағасы 2 миллиард теңгеден асады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін