«Бүгінгі донорлардың басым бөлігі орталыққа мәжбүрлікпен келеді», — дейді Ақтөбе облыстық қаң орталығының директоры Серік Күзембаев.
«Яғни, көбінесе, туыстары апатқа ұшыраған, немесе, түрлі себептермен ауруханаға жатқызылған және оларға қан ауыстыру қажет болған адамдар ғана келеді. Сол себепті олай болуға тиіс емес болса да, орталық донорлық қозғалысты пәрмендендіру үшін бірқатар акция өткізбекші», -деді ол.
Атап айтсақ, қан орталығы барлық қалаған адамдарды шақырып, қан жинау шарасын өткізбекші.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті