Оның сөздері бойынша, осы мақсаттар үшін, республикалық бюджеттен 8,3 млрд теңге жұмсалады. Бөлінген қаржыға Тамды, Павловка ауылдарында және Алға ауданындағы Қайнар ауылында газ құбырларының құрылыс жобасы іске асырылып, Байғанин және Қобда ауылдарына дейін газ құбырлары тартылады.
М. Серікбаев атап өткеніндей, екі жыл бұрын облыстағы елді мекендерін газдандыру жөнінде аймақтық бағдарлама аясында құрылысы басталған Мартөк ауданындағы «Ақтөбе -Мартөк» газ құбырының құрылысы биылғы жылы аяқталады.
«Осы уақыт аралығында республикалық бюджеттен 1 млрд теңгеден артық қаржы бөлініп, осы жобаны аяқтау үшін қосымша тағы да 988 млн теңге жұмсалады», — деп атап өтті әкім орынбасары.
Жергілікті билік биылғы жылы қалаға жақын жатқан Сазды, Заречный-3, Оңтүстік-Батыс-2 және Красносельское поселкелерін газбен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтайтын болады. Бұл жұмыстарға 400 млн теңгеден аса қаржы бөлінген, деп хабарлады М.Серікбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті