Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, дерек Ақтөбе облысындағы Бестамақ станциясында Атырау мен Ақтөбе арасында қатынайтын №691 жолаушылар поезын тексерген кезде анықталған.
«Көлік полициясы пошталы вагонды тексеру барысында сол жерден жалпы салмағы 324 килограмм болатын бекіре тұқымдас балықтарды тапты. Жүктің иесі — осы вагонның жолсерігі, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласының тумасы, Қазпошта қызметкері болып шықты»,- дейді полициядағылар. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде.
Департаменттегілердің хабарлауынша, заңсыз жүк тасымалдау дерегі 31-сәуірден бері өткізіліп жатқан «Бекіре-2007» республикалық шұғыл алдын алу шарасының аясында әшкереленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті