Жарияланды: 490

Ақтөбе облысында бір кейуана 100-жылдық мерейтойын атап өтті

Ақтөбе облысында бір ғасыр ғұмыр кешкен Зейнеп Юсупова 8-қыркүйекте мерейтойын атап өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

З.Юсупова өзінің туған күнін қаладағы мейрамханалардың бірінде туыстары мен жолдас-жораларының арасында атап өтті. Кейуананың 11 немересі, 28 шөбересі, 14 шөпшегі бар көрінеді. Зейнеп әжейдің өз айтуынша, ол 1903-жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туып, Азаматтық және Ұлы отан соғыстарына куәгер болды. Бүгінде, Зейнеп Юсупованың бала-шағасы еліміздің барлық облыстарында тұрады. Бірақ анасының мерейтойына олардың барлығы да жиналды. Туыстарының айтуынша, Зейнеп әже өзінің сергектігімен және осы күнге дейін зердесінің айқындығымен айналасындағыларды таңдандыратын көрінеді. Ғасырлық тойын тойлаған әжені Ақтөбе қалалық әкімшілігінің өкілдері де құттықтады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть