Жарияланды: 240

Ақтөбе облысында достарымен ақбөкендерді атқан майор ұсталды

Ала жаздай жүз мыңдап қырылған ақбөкендерді енді броконьерлер баудай түсіріп жатыр. Ақтөбе облысында шенді полицейлер бастаған осындай табиғат қаскөйлерінің бір тобы қолға түсті. Қос Ланд крузер көлігін тақымдаған 6 браконьер Қызыл кітіпқа енген елуден астам киікті жайратып салыпты.

Қаскөйлер аталық ақбөкендердің жүзге тарта мүйізін кесіп алып, жүк салғыштарына  сыйғанынша жануарлардың етін тиген. Ал қалған өлекселерін аулаған жерлерінде лақтырып кетіпті. Ұсталған алтаудың барлығы Қызылорда облысының тұрғындары. Араларындағы біреуі майор шеніндегі Ішкі істер департаментінің қызметкері екен.

Бекболат Жапаров, Ақтөбе облыстық орман және жануарлар әлемін қорғау инспекциясының бөлім бастығы:

-Мүйіздерін кесіп, денелерін лақтырып кетеді. Тек мүйіздері керек оларға. Жануарлар дүниесіне келтірген шығынның жалпы көлемі 20 миллион 216 мың теңгені құрап отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін