Бұл жайында Ақтөбе облысының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтылды.
Онлайн брифингке Ақтөбе облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басышысы Әсет Қалиев қатысты.
14 сәуірде сағат 20.45-те және бүгін 8.35-те короновирус жұқтырған екі науқас тіркелді. Кешегі және бүгінгі індет жұқтырған науқастар тікелей 2 сәуір күні індет жұқтырған науқаспен байланыста болған. Науқас бұл фактілерді эпидемиологиялық зерттеу барысында жасырып қалған. Осыған байланысты барлық материалдар полиция департаментіне жіберілді. ҚР қылмыстық кодекстің 308 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалады. Әкімшілік немесе қылмыстық жаза тағайындалады. Яғни, екі жыл бас бостандығынан айырылады, — деді департамент басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.
Айта кеткен жөн, 14 сәуір күні тіркелген науқас тікелей өзінің жолдасы мен бірнеше туыстарына жұқтырған.
Қасындағы өзінің жолдасы да оқшауланған болатын. Тексеріс барысында да науқас жұбайында да коронавирус инфекциясы анықталды. Эпидемиологиялық зерттеулер барысында осы екі адамның облыста 2 сәуір күні тіркелген 8 жағдаймен байланыста болғандығы анықталды. Еске сала кетейік, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына барып келген бір тұрғынымызды 1 сәуір күні провизорлық госпитальге салып, 2-ші сәуір күні инфекциялық госпитальге ауыстырған болатынбыз. Ендігі мәселе бүгінгі тіркеліп отырған науқас 2-ші сәуір күні жұқтырған науқаспен байланыста болғандығын айтпаған. Соның нәтижесінде бір адамнан төрт адам бірдей жұқтырып отыр, — деді басқарма басшысы Әсет Қалиев.
Соңғы тіркелген жағдайлармен байланыста болған барлық түрғындармен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Кейбір нысандар карантинге жабылуда.
Қазіргі таңда облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда, осы тұрақты қалыпта қалу үшін шектеу мәселелерін орындап, тәртіпке бағынып, барлық тұрғындар үйлерінен шықпай, адам көп шоғырланған жерлерге бармай, әр адам өз жеке басынын гигиенасын сақтайтын болса, қауіпті індетті облыста кең көлемде таратпай , жеңіп шығуға көмектесеміз, — деді спикер Әсет Қалиев.
Сонымен қатар, спикер барлық тұрғындардан кіммен және қандай байланыста болғандарын жасырмауды сұрады.
Айта кету керек, қазіргі таңда облыста 13 жағдай тіркеліп отыр. Оның 7-еуі сырттан келген болса, ал қалған 6-ауы байланыста болып жұқтырғандар.