Жалған құжатпен атаққа ие болғандардың екеуі заң факулетінде доцент, үшіншісі аға оқытушы болып қызмет еткен. Олар ғылым кандидаты ретінде екі жыл бойы айлықтарына қосымша үстемақы алып келіпті. Оқытушылардың бұл әрекеттері әшкере болысымен бірден қызметтерінен қуылған. Тергеу кезінде олар алғашқыда жалған дипломды алуға Білім министрінің орынбасары көмектесті десе, кейін интернет арқылы танысқан әлдекімнен сатып алдық деп ақталған.