Жарияланды: 220

Ақтөбеде көпбалалы ана қоймада тұрып жатыр

Ақтөбеде жалғызбасты ана бес баласымен жатақхананың қоймасында тұрып жатыр. Олардың сегіз шаршы метрлік аядай ғана бөлмені паналағандарына он жылдан асыпты. Енді оны Гүлмира Шабардарова басыбайлы рәсімдеп алғысы келеді. Бірақ жергілікті атқамінерлер бұл жағынан еш көмек көрсете алмайтынын айтып, сотқа жүгінуге кеңес берген.

Кезінде бұл 8 шаршы метрлік бөлме жатақхананың шағын қоймасы болған. Жақындары теріс айналып, 5 баласымен далада қалған Гүлмира Шабдароваға шенеуніктер оны босатып беріпті. Үлкен қызы талма аурына шалдыққан. Ал кенже ұлының ақыл-есі кем екенін дәрігерлер жақында айтыпты.

Гүлмираның күйеуі тұрмыстық қиындыққа шыдай алмай отбасын тастап кеткен. Дегенмен жалғызбасты ана оған күйзеліп отырған жоқ. Ең бастысы – баспанасына айналған қойманы жекешелендіріп алғысы келеді. 

Гүлмира Шабдарова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Осы үйдің құжатын  істесе екен. Балаларыма бір қандай да көмек болса. Сол да жарайды маған. Осы өміріме де разымын. Онан басқа ештеме де керек емес.   

Бұл отбасының жағдайынан жергілікті әкімдік қызметкерлері де хабардар. Бірақ бөлмесін меншіктеп беруге олар да қауқарсыз екен.

Алмаз Әлімбаев, Қарғалы ауылдық аймағының әкімі:

-Ол пәтер мәселесі біздің құзырымызға рәсімдеу жатпайды. Ол сот арқылы, екі куәгер арқылы жекешелендіріп ала алады.

Баспана мәселесінен бөлек, Гүлмираның балаларының да құжаты болмапты. Оны әкімдіктегілер жақында ғана рәсімдеп берген. Сондықтан осы күнге дейін екі баласын құзырлы мекемелерге мүгедек ретінде тіркетпепті. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін