Жарияланды: 170

Ақтөбеде Сапарбаевтың сынынан кейін білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Жемқорлық жайлаған Ақтөбедегі білім басқармасының басшысы ақыры қызметінен кетіп тынды. Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін қадағалайытын мекеме жетекшісі облыс әкімінен Жанат Самұратованы жұмыстан қууды талап еткен болатын. Өйткені қарамағындағы жүзге жуық қызметкер пара алып, қазынаның қаржысын жымқарғаны үшін шатылған.

Соңғы үш ай бойы білім басқармасы бастығының басынан дау арылмады. Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Сара Нұрақтованың ұлын лауазымды қызметке тағайындап, басы бәлеге қалғаны есте. Жанат Самұратова тексеруге келгендерге Максим Чаркиннен өзге үміткер болмады деп ақталған. Енді орынбасарынан соң өзі де шұғыл арыз жазыпты. Тіпті бұйрыққа қол қойылмай жатып-ақ кеңсесін бүгін босатып берген. Айта кетелік, осыдан бірер күн бұрын Сапарбаев аймақтың бас мұғалімін жұрттың көзінше сынға алған болатын. Өйткені басқарманың ата-аналар шағымын қабылдайтын сенім телефоны мүлдем істемепті. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін