Жаңа прокурор өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға кірісіп те кетті. Қалалық прокуратурадағылардың хабарлауынша, Болат Құлжанов — Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында туып өскен.
Ол өзінің еңбек жылдарын 1987 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары тергеуші болып, Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі, сонымен қатар Ақтау және Жаңаөзен қалаларының прокуроры болып қызмет атқарған. Болат Құлжанов жалпы прокуратура органдарында 20 жыл еңбек еткен. Қалалық прокуратурадағылардың хабарлауынша, бұрынғы прокурор «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» лауазымынан босатылған, нақтырақ тоқталатын болсақ оған Ақтау қаласының прокуроры лауазымы ұсынылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті