Татьяна Чернигова осы күнге дейін қаладағы сауналардың бірінде жұмыс істеп келген. Кімнен жүкті болғанын өзі білмейді. Айы-күні жақындаған кезде шаранасын сатуды ойластырыпты. Қасындағы құрбылары райынан қайтармақ болғанымен, сатып алушыларды іздестіруді қоймаған. Көкек ананың бұл арам ойын тәртіп сақшыларына сол саунаның қызметкерлері жеткізіпті. Перзентханадан шыққан соң Татьяна сәбиін жалдамалы пәтерде 200 мың теңгеге сатып жатқан жерінде ұсталды. Келіншек сот отырысы кезінде тұрақты баспанасының жоқтығын, баласының жағдайын ойлағанын айтып ақталғанымен, судья бұл уәжбен келіскен жоқ. Ал анасына керегі болмай қалған сәби қазір жетімдер үйінде.