«Ақжайық» Қазақстан кубогінің келесі айналымына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақжайық» Қазақстан кубогінің келесі айналымына шықты

«Ақжайық» Қазақстан кубогінің келесі айналымына шықты

Кеше, 1 мамыр күні Қазақстан кубогі үшін ойында Оралдың «Ақжайығы» Қаскелеңде жергілікті «Сұңқармен» күш сынасты.

  • 2 Мамыр 2013
  • 363
Фото - Caravan.kz

Премьер-лигада өнер көрсететін «Ақжайық» пен бірінші топта жүрген «Сұңқардың» кездесуі тартысты болды. Бірінші таймда 11-минутта батысқазақстандықтардың сұрмергені Игорь Зенькович есеп ашса, көп ұзамай 29-минутта Артем Гавриленко таразы басын теңестірді.

Осы есеп екінші кезеңде, қосымша екі таймда да өзгермей, ойын тағдырын 11 метрлік доптар шешті. Бұл сында оралдықтар 5:4 есебімен әбжілдік танытып, кубоктің келесі айналымына жолдама алды. Әсіресе, «Ақжайықтың» қақпашысы Роман Багаутдинов Марлан Мужиковтің добын қайтарып, шешуші сәтте шеберлік көрсете білді.