ӘР экономикасына ресей компанияларының құйып жатқан инвестициясы мардымсыз- РФ сауда өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘР экономикасына ресей компанияларының құйып жатқан инвестициясы мардымсыз- РФ сауда өкілі

ӘР экономикасына ресей компанияларының құйып жатқан инвестициясы мардымсыз- РФ сауда өкілі

Баку. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей компаниялары тарапынан Әзербайжан экономикасына құйып жатқан инвестиция көлемі мардымсыз. Бұл туралы бүгін Каспийдің ынтымақтастық іскер клубының отырысында Әзербайжандағы Ресейдің сауда өкілі Юрий Щедрин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 667
Фото - Caravan.kz

«2007 жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша, Әзербайжанға Ресей компанияларының құйған инвестиция көлемі $8 млн құрады. Елде 308 кәсіпорын ресей капиталымен жұмыс істесе, 193 таза ресейлік компаниясы болып табылады», — деп түсіндірді Ю. Щедрин.

Оның сөздеріне қарағанда, ресейлік компаниялар үшін Әзербайжанда танкер флотын, темір-жол тауар тасымалын жандандыру, ақпараттық технологияларды дамыту саласында, ғарыштық зерттеулер, оның ішінде Әзербайжанның жеке ғарыш серігі байланысын жіберу жоспары бойынша жұмыс істеу аса тиімді болып отыр.

«Ал әзербайжан жағы, Волго-Дон каналының екінші тармағының құрылысын, Қара теңізге апаратын Федерациялық жолдарды салу мүмкіндігі бар «, — деп есептейді Ю. Щедрин.

РФ сауда өкілі Әзербайжан мен Ресей аймақтары арасында тікелей экономикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің Оралдық әріптестеріміз алдағы жылы Әзербайжанда бірлескен іскерлік көрмелерді ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, әзербайжан-дағыстан үкіметаралық комиссиясы құрылды, енді жыл соңына дейін оның бірінші отырысын өтікіземіз деген үміттемін», — деген ақпарат берді сауда өкілі.

Екі мемлекет арасындағы сауда айналымы 2007 жылдың 10 айында 4,6% өсті. Ресейдің Әзербайжанға жөнелтілген газ көлемін есептемегенде, таза өсім 32,8% құрады. Ал Әзербайжанның Ресейге 10 айда жіберген экспорт көлемі 80% ұлғайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті