ҚЫЗЫЛОРДА. 24 — сәуір. Kazakhstan Today. Қызылорда облысының Махамбет аулының тұрғынына қойылған «крым-конго қан безгегі» диагнозы расталды; онымен қатынаста болған он үш адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы журналистерге облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Ерсұлтан Қуандықов хабарлады.
Е. Қуандықов, «індетті жұқтырған кене Өзбекстаннан жұмыс істеуге келген бригаданың аспазшысын отын жинап жүрген жерінен шаққандығын» еске сала кетті. «Зардап шегуші қауіпті ауру белгілерімен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген»,- деп қосты ол.
Жұқпалы аурулар аурухананың бас дәрігері Қаракөз Болабекованың ақпараттарына сүйенсек, «38 жасар еркекті ахуалы өте ауыр деп бағалануда». Қазір науқас жан сақтау бөлімшесінде жатыр.
Облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің хабарлауынша, жұқпалы аурулар ауруханасына «науқаспен қатынаста болған тағы он үш адам жатқызылған». Қызылорда қаласының сыртындағы кірпіш зауытының тағы он үш жұмысшы емхана дәрігерлерінің бақылауында.
Бұл осы жылғы Қызылорда облысындағы крым-конго қан безгегі ауруын жұқтырған бірінші оқиға. Өткен жылы осы тектес бес оқиға тіркеліп, бір адам қайтыс болған.
Қызылорда облысы крым-каног қан безгегінің табиғи ошағы, ал оны тасымалдайтын кенелер болып табылады. Мамандардың ақпараттарына сүйенсек, кенелердің жайылу аумағы күннен күнге өсуде. Бұрындары Жаңақорған және Шиелі аудандарында 19 учаске тіркелсе, қазіргі күнде мұндай учаске 25-ке жетіп отыр, олар Сырдария ауданы мен тіптен облыс орталығында да пайда болған.
Үстіміздегі жылы малдар мен жануарлар ұстайтын ғимараттарды кенеге қарсы өңдеуге, сонымен қатар ауыл маңында санитарлық қорғау аймағын құруға жергілікті бюджеттен 3,5 млн теңге бөлінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті