Аралас жекпе-жек: Шаршы алаңда «Арлан» мен «Қара жолбарыс» алысады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аралас жекпе-жек: Шаршы алаңда «Арлан» мен «Қара жолбарыс» алысады

Аралас жекпе-жек: Шаршы алаңда «Арлан» мен «Қара жолбарыс» алысады

31 наурыз күні Алматыда аралас жекпе-жектен матчтық кездесу өтеді.

  • 29 Наурыз 2013
  • 638
Фото - Caravan.kz

Онда «Alash Pride» клубының күрзі жұдырық жігіттері Грузия, Әзербайжан, Түркия, Украина, Шешенстан, Ресей және Дағыстанның спортшыларына қарсы шығады. Кештің басты жекпе-жегі «Арлан» лақап атымен танымал спортшымыз Ержан Естанов пен таяуда ғана шаршы алаңға оралған «Қара жолбарыс» Расул Мирзоев арасында өтпек. Олар әлем чемпионы атағы үшін ММА аралас жекпе-жегінде бақ сынайтын болады.

Спорттық сайысты «Ел арна» телеарнасының тікелей эфирінен сағат 23:20-да көре аласыздар.

«Біз қазақстандық спортшылар қатысатын спорттық турнирлерді трансляциялауға тұрақты басымдық беріп отырамыз. Әлем чемпионы атағы үшін аралас жекпе-жекті көрерменге тарататындығымызға қуаныштымыз. Бұл біз ішін телеэфирдегі эксперимент болмақ. Дегенмен, келесі қырынан алып қарағанда, біздің елімізде жекпе-жек ерекше танымалдыққа ие әрі мұндай трансляция көрерменге қызықты», — деді «Хабар» агенттігі» АҚ-ның спорттық трансляциялар продюсері Асхат Жақаев.

Айта кетейік, Ержан Естанов еліміздің ждиу-джитсудан, жауынгерлік самбодан, жекпе-жектен спорт шебері. ISCP нұсқасы бойынша кәсіби панкратионнан әлем чемпионы, ММА бойынша NOFC Гран-При турнирінің жеңімпазы.

Ал Расул Мирзоев жауынгерлік самбодан әлем чемпионы, ММА бойынша Ресей чемпионы, Fight Nights нұсқасында ММА бойынша әлем чемпионы.