Арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты өтеді

Арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты өтеді

 

  • 27 Шiлде 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

Астанада алғаш рет арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Турнирге 7 өңірден 40-қа жуық спортшы қатысады. Жарыстың мақсаты – арбадағы теннис спорт түрін дамыту, қатысушылар арасында үздік спортшыларды аңықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу.

Ел біріншілігі 27 шілде күні сағат 10:00-де «Дәулет» теннис орталығында басталады.


Айта кетейік, арбадағы теннис – елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Бұл спорт түрінен алғаш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өтті. Оған 6 өңірден 20 спортшы қатысты.