Жарияланды: 430

Аргентинада түрмеден аса қауіпті қылмыскерлер қашып кетті

Аргентинада түрмеден аса қауіпті қылмыскерлер қашып кетті

Аргентинада қауіпсіздік қызметі жексенбіде ерекше қорғалатын түрмеден қашып кеткен қылмыскерлерді  іздестіру операциясын жүргізуде.

Үш қашқын 2008 жылы үш бизнесменді ұрлап әкетіп, өлтіргені үшін оларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Таяуда  сайланған Буэнос Айрес провинциясының губернаторы Мария Евгения Видал қылмыскерлер мемлекеттік қызметшілердің көмегімен қашуы мүмкін екенін мәлімдеп, пенитенциарлық жүйе басшысын жұмыстан босатқан.

Қашар сәтте қылмыскерлер күзетшілерді тапаншаға ұқсас затты пайдаланып, қорқытқан көрінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін