"Арселор Миттал Теміртау" қызметкерлерінің мәжбүрлі демалысының мерзімі ұзартылды - кәсіпорынның кәсіподақ комитеті
Қарағанды. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Арселор Миттал Теміртау" қызметкерлерінің мәжбүрлі демалысының мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне кәсіпорынның кәсіподақ комитетінің төрағасы Владимир Дубин хабарлады. |
Бүгін кәсіпорын қызметкерлерінің демалыс мерзімін 2008 жылдың 16 қазанынан 31 қазаға дейін ұзарту жөнінде кезекті бұйрыққа қол қойылды, деді В. Дубин. Бірақ оның айтуынша, жұмыс істемей отырғандардың саны 4213-тен 3699 дейін азайтылды.
Сонымен бірге, 400 адам қысқартылған жұмыс аптасына көшірілді: олар 5 күннің орнына 4 күн жұмыс істейді. Осы күн үшін оған орташа жалақының 50% төленеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін